Өткен тәулікте Астанадан 30 мың текше метрге таяу қар шығарылды - Қоғам|02 Желтоқсан 2018, 13:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өткен тәулікте Астанадан 30 мың текше метрге таяу қар шығарылды

Астана, BAQ.KZ. 1 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 324 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Астана Тазалық» ЖШС-нің мәліметінше, қар тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 586 бірлігі жұмылдырылған. Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 32059 текше метрді құрайды.

«Астана Тазалық» қала сыртына қардың 13465, өзге мекемелер 16994, «Астана көгалдандыру құрылысы» 1600 текше метрін шығарды. 16 қазан мен 1 желтоқсан аралығында шығарылған қардың көлемі – 535459 текше метр. 1 желтоқсанда құм-тұз аралас қоспаның 507,5текше метрі себілді.13 қазан мен 30 қараша аралығында жолдарға шашылған құм-тұз аралас қоспаның жалпы көлемі 9669,5 текше метрді құрайды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер