BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өлім жазасына кесілген Царнаевтың адвокаты апелляциялық шағым түсірді

Алматы, BAQ.KZ. Бостон бірінші округының апелляциялық соты Джохар Царнаевтың адвокаты апелляциялық шағым түсіргендігін растайтын құжаттарды жариялады. Бұл туралы ВЕСТИ.RU хабарлады.

Сотталушының адвокаты сот үкімін орындамас бұрын, бұл істі Бостоннан өзге қалада қайта қарау жөнінде апелляциялық шағым түсірген.

Царнаевтың адвокатының айтуынша, оқиға Бостон қаласында болғандықтан бостондық соттың әділқазылары бұл іске объективті түрде қарамаған.

25 жастағы Царнаев қазір Колорадо штатындағы қатаң режимді Флоренс түрмесінде отыр. Оны жазалау күн әлі тағайындалмаған, өйткені адвокаты сот шешіміне қарсы арыз түсіретіндігін хабарлаған еді.

Еске салсақ, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы дәстүрлі марафон кезінде мәреге жақын тұста екі жарылыс орын алған болатын. Терактың нәтижесінде 3 адам көз жұмып, 260-сы жарақат алған еді. Полиция бұл жарылысты ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтар ұйымдастырды деп хабарлады. Оларды ұстау кезіндегі атыстан Тамерлан өліп, Джохар жараланған еді. Екі жыл өткен соң Джохар Царнаевті кінәлі деп тауып, оны өлім жазасына кесен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер