BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министрлік: IMEI-код арқылы тіркеу ұялы телефон ұрлығын азайту үшін қажет

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко мәлімдеді.

«Ұялы телефондарды тіркеу ұялы телефондарды заңға қайшы қолдануды және олардың ұрлығын болдырмау мақсатында 2016 жылы «Байланыс туралы» заңға енгізілген болатын. Байланыс туралы заңды жүзеге асыруда ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу тәрібін реттейтін ереже жазылған болатын», - деді комитет өкілі.

Ярошенко ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу тегін жүргізілетінін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы аумағында роуминтік тәртіпте қолданылатын және машинааралық өзара байланысқа арналған абоненттік ұялы байланыс құрылғылары бұл тіркеуге жатпайтынын ескертті.

«Ұялы телефондарды заңға қайшы әрекетті жүзеге асыру үшін пайдалануға болады. Егер, сіздің қалта телефоныңыз қолды болса, сіз алдымен құқық қорғау органына жүгінесіз, арызданасыз. ІІМ қызметкерлері ол телефонды табу үшін тергеу амалдарын бастайды. Ал осы тіркеу мұндай ұрланған телефондарды табуды әлдеқайда жеңілдетпек. Сонымен қатар, жүйе енгізілгеннен кейін ұялы телефон кімнің атына тіркелгенін білмей, оны қолдану мүмкін болмайды. Яғни, телефонға заңды түрде тіркелген сіздің сим-картаңызды алып тастап, басқасын салған кезде, ұялы телефон іске қосылмайды. Мұнда мәселе мемлекет тарапынан қандай да бір бақылау жүргізу үшін емес, бұл құрылғыны ұрлауды азайту, оны табу жұмыстарын жеңілдету мақсатында қабылданып отырған шара», - деді Ярошенко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер