BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Көк-Жайлауды қорғаймыз» тобының қатысушысы: Мемлекет азаматтық бастамаларға құлақ түруі тиіс

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Көк-Жайлауды қорғаймыз» тобының қатысушысы Дмитрий Жуков мемлекеттің азаматтық бастамаларға ерекше мән беруі тиіс екенін айтты. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан VIIІ Азаматтық форумында «Men senemin» азаматтық бастамалар конференциясында мәлімдеді.

Дмитрий Жуков өз сөзінде Көк-Жайлаудың Алматы экологиясын қорғаудағы рөлі туралы баяндады.

«Мен Алматыда туып өскен бақытты адаммын. Ата-анам маған табиғатқа деген өлшеусіз махаббат сыйлады. Бала кезден тауға бардық, жабайы өрік жедік, жапырылған ағашқа отырып термостан шәй іштік. Бұл менің балаларыма жеткізетін ғаламат естеліктерім», - деп есіне алды Дмитрий Жуков.

Оның айтуынша, Көк-Жайлау табиғи ресурстары ғана емес, сондай-ақ басқа да маңызды ерекшеліктерге ие.

«Күніне екі рет Көк-Жайлаудан таза тау ауасы төменге түсіп, Алматыға жиналған лас ауаны тазалайды. Мыңжылдықта табиғат бірегей экожүйені құрды. 2011 жылы әкімдік ол жерге курорт, тұрғын үй кешендерін саламыз деді. Бұл Алматы тауын жақсы көретін азаматтардың ызасына тиді. Бір-бірін танымайтын адамдар не істеуге болатынын талқылау мақсатында жиналды. Күрес осылай басталды. Әкімдікке мұның арты неге апаратынын түсіндіргіміз келді. Бірақ әкімдік мұны бізсіз де біледі. Күресуді жалғастыра бердік. Қол жинадық, ақпарат тараттық, шаралар ұйымдастырдық. Танымайтын адамдар бірігіп, біздің аргументтерімізді бірден түсініп, қолдау білдіргені таңқаларық жағдай болды», - деді топ қатысушысы.

Жуковтың айтуынша, бүгінде топ қатысушылары 31 мыңнан астам қол жинаған.

«Егер мемлекет қоғамдық қатысуға жоғары деңгейде қызығушылық танытпаса, бұл кенеттен пайда болған бастама наразылаққа айналады. Мұндай наразылықтарға назар аудармаған сайын олар радикаланады. Бұдан да жаманы бейжайлыққа айналады. Ешқандай мемлекеттік ұйым мұндай күрделі проблеманы халықтың шығармашыл қуатын жұмылдырмай шешуге қабілетсіз. Біз елде шешімдер жоғарыдан төменге қарай қабылданатынына үйреніп кеттік. Қайталап айтамын: елдегі ең үлкен ресурсы ол - уақытын өмірді жақсартуға арнауға дайын адамдар. Сол үшін де мемлекет азаматтық бастамаларға назар аударуы тиіс», - деді ол.

Еске сала кетсек, 27-28 қараша күндері Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Сұхбат. Әріптестік. Сенім» деген атаумен VIII Азаматтық форум өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер