BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Форум сіздерге жаңа мүмкіндіктер берді деп сенемін – Қожахметов

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ. Астанада қарашаның 27-28 күндері екі күнге жалғасқан VIII Азаматтық форумы «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» президенті Асылбек Қожахметовтың сөзімен жабық деп жаряияланды.

«Біздің форумның ресми бөлігі аяқталағалы тұр. Форум сіздерге зор қуат, зор үміт, көптеген жаңа білім берді деп сенемін. Сондай-ақ мұның бәрі сіздер өңірлерге, ауылға жеткен соң қызметтеріңізге жаңаша көзқараспен қарауға, Қазақстанды үйлесімді, тең, әділ дамытуға басқа да шешімдер табуға мүмкіндік берді деп санаймын. Барлықтарыңызға үлкен рахмет айтамын. Ресми бөлім аяқталғанымен, бейресми бөлім жалғасады», - деді Асылбек Қожахметов.

Сондай-ақ, Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев форумға дайындық екі ай бойы жүргенін, жұмыстың нәтижесі алдағы уақытта көру мүмкін болатынын айтты.

«Баршамыз осы жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайын болайық. Дұрыс бағытта жұмыс істеуге бәрі дайын және еш кедергі жоқ деп ойлаймын», - деді Дархан Кәлетаев.

Форум соңында қатысушылар естелік фотоға түсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер