BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елшілер балалар үйіне кітаптар сыйлады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 17 қазанда Астана қаласы әкімдігі балалар үйінің кітапханасына Қазақстандағы шет мемлекеттердің елшіліктері атынан кітаптар сыйға берілді.

Ең бірінші қонақтар балалар үйінің ғимаратымен танысты.

Мұнда 79 бала тәрбиеленіп жатыр. Олар сабақтан тыс уақытта тігін тігу, қолөнер, шаштараз, тырнақ әсемдеу секілді үйірмелерге қатысып, курсты аяқтаған соң сертификат ала алады.

Бұл олардың болашақта жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, балалар сурет салу, ән айту және хореография, аспаздық, компьютер сыныбына қатыса алады. STEM лабораториясында олар робот құрастырып, бағдарламалауды, 3D моделдеуді үйренеді.

Спорттық үйірмелерден баскетбол, футбол, грэплинг және Динара Сәдуақасованың шахмат сыныбы бар.

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев кітапхана жүйесін жаңғырту мен білім беру орталығын құру жобасы аясында партияның қалалық филиалы 6 балалар үйінде тұрақты жұмыстар жүргізетінін атап өтті.

«Біз балалар үйімен жүйелі жұмыстар жүргізіп, қолдау көрсетеміз. Бүгін балалар үйінің кітапханасын жаңа кітаптармен толықтыруға елшілерді, республикалық әйелдер кеңесін тарттық. Олар кітапханаға әртүрлі тілдегі әр елдің кітаптарын беру туралы бастамаға қолдау білдірді. Елшілер мен олардың жұбайларының осында келуі әрі қарай тығыз байланыс орнатуға, тіл курстарын ашуға, балаларды шетелге курстарға жолдама беруге, жарыстарға қатыстыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді ол.

Елшілер осындай бастаманы естіген соң шет қалмауды жөн санағанын.

«Беларусь Республикасының сыртқы істер министрлігімен бірлесе 120 кітапты таңдап осында әкеліп отырмыз. Бұл жерде кітаптың барлығы Белоруссия туралы. Әртүрлі жас санатына арналған бірніше тіледі тарих, мәдениет, әдебиет, поэзия туралы кітаптар. Сіздерге осылай Белоруссияны таныстырсақ дейміз», - деді Қазақстандағы Беларусь Республикасы елшілігінің өкілі.

Ал «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ерлан Ахмедидің айтуынша бұл қайырымдылық акциясы еліміздегі әртүрлі мемлекет елшіліктерінің қолдауымен өткізіліп отыр.

«Белоруссия, Швейцария, БАӘ өкілдіктердің қолдауымен балаларға әртүрлі бағыттағы кітаптарды сыйладық. Біз бұл шараны балалар үйі тәрбиеленушілеріне өзге халықтардың мәдениетін, тарихын таныту мақсатында өткізіп жатырмыз. Биыл мұнда Динара Сәдуақасованың шахмат клубы, грэплинг сыныбы ашылды. Тәрбиеленіп жатқан балаларға жан-жақты мүмкіндік жасалған», - деп атап өтті ол.

Фото/видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер