BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бекшин атыраулық екі азаматтың балықтан улануына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Жаңа жыл қарсаңында балаларды қуанту үшін тәтті сыйлықтар жасалатыны белгілі. Осы орайда, біз қараша мен желтоқсан айларында қапталған сыйлықтарға тексеру жүргіздік. Бірқатар өңірде мерзімі өткен және жеуге жарамсыз кәмпиттер анықталып, олар сатылымнан алынып тасталды. Әрине, барлық сыйлықты тексеру мүмкін емес», -деді санитарлық дәрігер.

Ол осы тектес заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, аймақтық қоғамдық денсаулықты қорғау комитетіне хабарласу қажеттілігіни атап өтті.

Жандарбек Бекшин Атырау облысында екі адамның балықтан улануына қатысты түсініктеме берді.

«Бұл жағдай аймақтық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бақылауында тұр. Орал өзенінің суын пайдалану кезінде қолданылатын барлық су бұру және су тазарту құралдарына тексеру жүргізілді. Ешқандай бөгде заттар анықталған жоқ. Сол сияқты, микробиологиялық талаптар бойынша да олар балықтан уланғаны расталған жоқ. Өңірде балықтың қырылу жағдайы орын алғандықтан, бұл іспен су ресурстары комитеті, экологтар мен ихтиологтар айналысып жатыр. Бүгінгі күні кей балықтың ағзасынан аммиак табылғаны белгілі. Алайда, аммиак инфекциялық ауру тудырмайды», - деді комитет төрағасы.

Еске сала кетсек, Атырау облысында балық жеген екі адам уланған болатын. Олар бұл балық өңірде жаппай қырылып жатқан балықты тұтынудан болғанын айтқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер