BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

«Байқоңыр» ауданында құстарға ұя орнатылып жатыр

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Құстарға арналған ұялар Ататүрік саябағында пайда болды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Құстарға ұя орнату «Біз таза ел үшін» қозғалысы аясында жүзеге асуда. Астаналық Шасалим Шагалимовтың ұсынысын «Байқоңыр» ауданы әкімі Ерлан Каналимов қолдады.

«Бүгін, игі бастаманы үзбей, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың мүмкіндігі туды. Қыс бойы қақаған аязда, желдің ызғарында бүрсеңдемей аман қалсын деген ниетпен «Байқоңыр» ауданы әкімі аппараты қызметкерлерімен бірігіп, құстарға ұя орнаттық. Адам болып жаратылғандықтан, айналамызға қамқорлықпен қарауға міндетті екенімізді ұмытпайық! Бұл challenge-ді барлық әріптестерім, елордалық аудан әкімдері мен басқарма басшыларына жолдаймын!», - деп жазды Facebook парақшасында «Байқоңыр» ауданы әкімі Е. Каналимов.

Әлеуметтік желілер Instagram мен Facebook-те #скворечникчелендж #мызачистуюстрану хештегімен көп лайк жинаған фотосуреттер ұйымдастырушыдан сыйлық алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер