BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Азаматтық форумда БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. VIII Азаматтық форум шеңберінде "Адамдар" бағыты бойынша "Кедейлікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмірді қамтамасыз ету, білім беру" тақырыбында панельдік пікірталас өтті.

Панельдік сессияда мемлекеттік органдар мен қоғам арасында өзара байланыс механизмін қалай өзгерту керек? Үкімет алдына қандай басымдықтарды қоюы тиіс? Тұрақты даму мақсаттарына байланысты мемлекеттік бағдарламаға қандай қажетті түзетулер енгізу керек? деген сұрақтар талқыланды.

"Елбасы қазандағы Жолдауында бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға назар аударды. Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде. Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін бейімделу индикаторларын ұлттық ерекшеліктерге және ұлттық мониторинг жасау жүйесіне сай саясатын жүргізіліп келеді. "Адамдар" бағытына жоқшылықты жою, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сапалы білімге қолжетімділік, денсаулық сақтау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері қосылып отыр. Соған сай 90 индикатор бойынша 47 міндет анықталды", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Райғаниев.

ҚР БҰҰ Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитни «Тұрақты даму мақсаттары: балалар мен жастар үшін жақсы болашаққа қол жеткізуге бірігу» тақырыбында сөз сөйледі.

«Біздің алдымызда серіктестерімізді әлеуметтік дамыту, денсаулығын қамамасыз ету, білім беру деңгейін арттыру мәселелері бойынша біріктіру міндеті тұр. 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік туралы бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама тұрақты даму мақсаттарына тікелей байланысты. Біз бірлесе серіктестікті, қызығушылықтарымызды, мүмкіндіктерімізді күштейтуіміз керек. Тұрақты дамудың 17 мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау негізгі орынға ие. Біз үшін жастардың рөлін арттыру, оларға деген мемлекеттің, азаматтық қоғамның назарын жоғарылату маңызды болып отыр. Сондай-ақ, Президент бастамасымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланғанын айта кеткен жөн», - деді ол.

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева «Қоғамның тұрақты дамуы үшін сапалы білім беру» тақырыбын көтерді. Оның айтуынша, білім және ғылым министрлігі тұрақты дамудың 4-мақсатын жүзеге асырады.

«Мемлекет басшысы білім саласына ерекше назар аударады. Білім саласы бірінші кезекте халықтың білім деңгейімен есептеледі. Қазақстан алдында 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті тұр. Біз Қазақстанның халықаралық рейтингте жоғарылауын ғана емес, ел азаматтарының өмір сапасын арттыруды көздейміз. 2015 жылы БҰҰ-ның 193 елі, соның ішінде біздің еліміз 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын анықтады. Сапалы білім атты төртінші мақсат өмір бойы инклюзивті, сапалы, әділ білім беруге бағытталған», - деп атап өтті вице-министр.

Суханбердинованың айтуынша, ҚР БҒМ инклюзивті білім беру бойынша маңызды жұмыстар атқаруда. Соның ішінде үкіметтік емес сектордың өзара әрекеттестігінің арқасында білім беру базаларында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылғанын айта кетті. Бүгінде Қазақстан халықаралық білім рейтингісінде 10-орында тұр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев «Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», ал ҚР Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маманы Н.Железняков «Халықтың денсаулығын нығайтуда тұрақты даму мақсаттарының рөлі», ҚР Денсаулық сақтау вице-минсистрі Алексей Цой «Салауатты өмір сүруді қамтамасыз ету кез келген жастағы барлық адамдаға жақсы жағдай жасау», ҚР БҰҰ-Әйелдер құрылымының өкілі Илейн Конкиевич «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңтейтуде гендерлік теңдік. Гендерлік теңдік Тұрақты даму мақсаттарына жетуге негіз ретінде» тақырыбында ойларын ортаға салды. Панельдік сессия қатысушылары спикерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер