BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Жасөспірім» жедел-профилактикалық акциясы басталды

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері жасөспірімдердің арасындағы қылмысты азайту мен болдырмау мақсатында акция басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Акция топтық қылмысты (бұзақылық, тонау, ұрлық, бопсалау), кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану фактілерін алдын-алу, олардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерге және ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз бару фактілерін анықтау мақсатында өткізіліп отыр. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған заттарды тәркілейтін болады" - дейді мамандар.

Акция 27-ші тамыз бен 5-ші қыркүйек аралағында өтеді.

Аталған іс-шараны өткізуге Жергілікті атқарушы органдар, Білім басқармасы, Денсаулықты сақтау басқармасы, ата-аналар комитеті және үкіметтік емес ұйымдар қатысуда.

Іс-шараны өткізу барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін құқықтық тақырыпта әңгімелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер мен брифингтер ұйымдастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер