BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Астанада еріктілер жағдайы төмен отбасыларға мерекелік кеш ұйымдастырды

Астана, BAQ.KZ. «Астана Қайырымды жандары» еріктілер тобы жағдайы төмен отбасыларға арнап Жаңа жыл кешін ұйымдастырды.

Мерекелік кешке 11 отбасыдан 36 бала аналарымен қатысты. Қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарламалар қойылды. Кештің шымылдығын Астана қаласы Тенгри ән-би мектебінің талантты бүлдіршіндері арнайы қойылған жаңа жылдық мюзиклімен ашты. Сонымен қатар, Қайырымдылық кешінде Ерлан Малаев, Оралхан Алтынбеков сынды әншілер өнер көрсетті. Мерекелік кеш барысында Астана Қайырымды жандар еріктілер тобына 3 жыл толуына орай арнайы әнұранның тұсауы кесілді. Аналар мен балаларға естелік сыйлық табысталды.

«Астана Қайырымды жандарына» көп-көп рахмет. Арнайы шақырту қағазын жіберіп, осындай мерекелік кешке шақырып отыр. Биыл 3 жылдықтары екен. Жылдан-жылға осылай жақсылық жасай берсін, жақсылық жасаудан шаршамасын. Көңіл-күйіміз өте керемет. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді көпбалалы ана Қарлығаш Абдуллаева.

«Астана қайырымды жандардың» бүгінгі кешке шақырғандарына ерекше алғыс айтамын. Бүгінгі мерекелеік шарадан ерекше әсер алдым. Балаларым да өте қуанышты. Түрлі сыйлық пен тәттілер алып жатыр. Көрсетіп жатқан құрметтері өте тамаша», - деп алғыс білдірді тағы бір көпбалалы ана Лола Рахманқұлқызы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер