BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астанада 1 аптада 20 шақты жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды

Астана, BAQ.KZ. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын-алу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 25-28 қазан аралығында Астана қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі хабарлады.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғын жайдан тыс және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін, сондай-ақ 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық жасағаны үшін 70-тен астам ата-ана, заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдаланғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25-тен астам кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 10-ға жуық ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы әкімдігінің "кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" КММ-ге кәмелетке толмаған 20-ға жуық бала орналастырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер