Алматыдан 456 шақырым қашықтықта 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді - Қоғам|23 Қазан 2018, 10:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыдан 456 шақырым қашықтықта 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: Хабар 24

Астана. BAQ.KZ. 23 қазан күні Алматы уақытымен 03 сағат 37 минутта жер сілкінді. Бұл туралы ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі хабарлайды.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 456 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 12.0. MPV тербелісі - 5.6. Тереңдігі - 35 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер