BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмолалық полицейлер көше кезген 200 жасөспірімді қолға түсірді

Фото: 24kz

Ақмолалық полицейлер арнайы жүргізілген рейд кезінде түнгі уақытта көше кезіп жүрген 200-ден аса жасөспірімді қолға түсірді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тiлшiсi.

Түнгі қала өміріне әуестік жасөспірімдер арасында түрлі бұзақылыққа, тіпті қылмысқа аяқ басуына себепкер болып отыр.

«Бұл жолы мобильді топ 770 ойын-сауық орындары, 500 сауда нүктесі, 778 жертөле мен шатырларға рейд жүргізді. Рейдтің алғашқы күні ішкі істер бөлімшесіне 40-тан аса жасөпірім жеткізілді. Бұл шараға ІІБ 300-ден аса қызметкерлері прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау салалары, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар комитеті жұмылдырылды», - дейді Ақмола облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айнагүл Қуандықова.

Профилактикалық іс-шаралар кезінде бұрын істі болған азаматтар, әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылар мен маскүнемдердің пәтерлері тексерілді. Полицейлер аталған шара аясында қаладағы барлық түнгі көңіл көтеру мекемелерін тексеріп, көше кезген 200-ге тарта жасөспірімнің әртүрлі тәртіп бұзушылыққа барғандығын анықтады.

«Биылғы жылдың 8 айы ішінде жасөспірімдер жасаған заңбұзушылық артып отыр. Олардың басым бөлігі түнгі уақытта жасалады. Рейд барысында 35 тұрмысы нашар отбасы, тәртіп бұзған 34 жасөспірім тіркелді. 4 бала жаөспірімдерді бейімдеу орталығына жеткізілді. Тексеру кезінде 27 дүкен сатушысының қаршадай балаларға еш тартынбастан алкоголь сатып тұрғанына куә болдық. Сондай-ақ, аялдамалардың бірінде қолға түскен жасөспірімнің ішімдік ішкені белгілі болды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушы ата-анасына тапсырылды. Балаларын түнгі уақытта қараусыз қалдырған немесе ойын-сауық орындарына баруына жол берген 19 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Жаңа оқу жылының басталуымен мектеп және учаскелік инспекторлар жұмысы бұдан да қыза түседі,– дейді аға инспектор Айнагүл Қуандықова.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік ата-аналардың мойынына жүктелетінін ескертеді. Ойнап жүріп от басқан жеткіншектер қатарының артуы да құқық қорғау органдарын алаңдатып отыр.

Жалпы жыл басынан бері ересектердің қарауынсыз түнделетіп көше кезіп, сауық-сайран қуып жүрген 2 мыңға жуық жасөспірім анықталған. Құқық бұзушылықтың бірқатарын даяшылық қызмет ететін жасөспірімдер құрайды. Олардың ата-аналарына ресми түрде ескерту жасалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер