BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Абаев «Ашық Үкіметті» дамыту жоспарларын таныстырды

Қазақстанның «Ашық Үкімет әріптестігі» халықаралық бастамасына қосылуы мәселесі пысықталатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚазАқпарат агенттігінің ақпаратына қарағанда комиссия отырысында Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ашық Үкімет» қағидаттарын ілгерілету бойынша жоспарына кеңінен тоқталды.

«Біріншіден, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, заңның құқық қолдану тәжірибесіне терең талдау жүргізу. Екіншіден, үздік тәжірибелер негізінде «Ашық Үкіметті» ілгерілету және дамыту стратегиясын, тұжырымдамасын әзірлеу. Үшіншіден, халықты тарту және кері байланыс арқылы «Ашық Үкімет» порталдарын дамыту және танымал ету», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Сонымен қатар төртіншіден, 2019 жылы ақпараттық активтерді толық түгендеу, коммуникациялардың жұмыс істеп тұрған арналарын, азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасасуды талдау көзделіп отырғаны атап өтілді.

Аталған талдау негізінде немесе өзге деректерге халықтың қажеттілігін талдау нәтижелерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар ашықтығының эталондық моделін құру жөніндегі ілкі жобаны іске асыру көзделеді.

«Бесіншіден, бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізілетін талдамалық, әлеуметтік, консалтингтік әртүрлі зерттеулердің деректер базасына ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету. Алтыншы - Қазақстанның «Ашық Үкімет әріптестігі» халықаралық бастамасына қосылуы мәселесін пысықтау», - деді ол.

Министр баяндама соңында қойылған міндеттерді табысты іске асыру әрбір адамның ақпаратқа қол жеткізуде конституциялық құқығын одан әрі қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайтындығын баса айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер