BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жуырда «Әмiре әнi» фильмi жарыққа шығады 

Жуырда қазақтың атақты әншiсi Әмiре Қашаубаевқа арналған «Әмiре әнi» көркем фильмi таныстырылады. Бұл туралы Үкiмет үйiнде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру барысына арналған баспасөз мәжiлiсiнде ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Министрлiк елiмiздiң мәдениетi мен тарихы, көрнектi қайраткерлерi мен тарихи тұлғалары туралы баяндайтын кино - сериялары мен тележобаларын құру бойынша «Мәңгiлiк ел» кешендi жоспарын жүзеге асыруда. Жоспар шеңберiнде Тәуелсiздiк мерейтойына ғана 26 кинокартина таныстырылды. Аталған барлық туындылар халықаралық нарыққа прокатқа беруге бағдарланған және қазақстандық, шетелдiк көрермендер арасында жоғары сұранысқа ие. Бүгiнгi таңда 28 көркем және деректi фильм өндiрiсте, олардың iшiнде «Елбасы жолы. Астана» эпопеясының жалғасы, «Томирис», «Сұлтан Бейбарыс» фильмдерi, «Қазақ елi - 2» телехикаясы және тағы басқа тарихи жобалар бар. Жақында «Әмiре әнi» фильмiн таныстырамыз», - дедi Мұхамедиұлы.

Министрдiң айтуынша, Мәдениет және спорт министрлiгi «Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы», «Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет», «Туған жер», «Қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру» арнайы жобаларын жүзеге асырмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер