BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Вице-министр 2018 жылы көрерменге ұсынылатын фильмдерді атады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында келер жылы прокатқа шығатын фильмдерге тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елімізде 35 киноөндіруші компания жұмыс істейді. Жылына телесериалдарды, басқа да өнімдерді қоса алғанда 250-дей киноөнім шығады. Биыл 40-тан аса кинокартина жарық көрді. Келер жылы Астананың 20 жылдығына орай «1 арнаның» бас продюсері Константин Эрнст пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елорда туралы телесериал түсіру жөнінде келісімге келді. Елбасы киноэпопеясының келесі саны, сонымен бірге Астана құрылысы туралы фильм түсіріліп жатыр. «16 қыздың» екінші бөлімін түсіру жұмыстары аяқталып қалды. Ресеймен бірлескен «Эвакуация» , Қытаймен бірлескен «Композитор» фильмі келер жылы прокатқа шығады деп жоспарлануда. Голливудпен бірлескен «Әміре Парижде» атты фильм мамыр не маусымда шығады деп отырмыз», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Вице-министр басқа елдермен бірлесіп кино шығару ісіне (копродакшн) ерекше назар аудару себебін түсіндірді.

«Жалпы 18 миллион халқымыз бар. Отандық фильмдер прокатта табысты болатындай біздің нарық үлкен емес. Прокатта табысты болу үшін бізге бұдан да үлкен нарық керек. Сол себепті бірлескен жобалар арқылы Қытай, Ресейге жол ашылады. Бүгінде Белорусиямен 1941 жылдың жазы туралы фильм түсіру туралы келісім жасап жатырмыз. Келер жылы толықметражды «Күлтегін» анимациялық фильмінің тұсаукесері жоспарланып отыр. Ұлттық фильмдер өндіру бюджеттік бағдарламасының аясында бірінші кезекте еліміз, батырларымыз, балаларды тәрбилеу туралы фильмдерге үлкен көңіл бөлінеді. Жас кинематографистерді де қолдаймыз», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер