BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тұңғышбай Жаманқұлов сот алдында жауап бере бастады

Фильм түсіруге бюджеттен ақша алып, оны бас пайдасына жаратты деп айыпталған атақты актер бүгінгі отырысқа жақындарын түгел ертіп әкеліпті.

Ал айыпталушы орындығында Жаманқұловтан бөлек фильм режиссері мен тағы оншақты адам бар. 69 миллион теңгені кімнің, қайда жібергенін енді әрқайсысы сотқа жеке түсіндіріп жатыр. Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отырғанын айта кетейік.

Бүгінгі отырыста адвокат режиссерді де кепілақымен босатуды сұрады. Қорғаушының бұл талап-арызына қатысты шешім ертең шығады. Басында ақшаны жегенін мойындамай, кейін кешірім сұрап, қаржының да бір бөлігін қайтарған Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі журналистерді көргісі келіп отырған жоқ.

«Көп мәліметті дұрыс жеткізбей жатыр. Сондықтан біз қарсы болдық. Ауыздан шыққан мәлімет дұрыс жеткізілуі керек халыққа», - деп түсіндірді актердің қалауын адвокаты Бақытгүл Қадырбекова.

КТК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер