BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шәмші» телеxикаясы көрерменге жол тартады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында арнайы түсірілген «Шәмші» телеxикаясы желтоқсан айында көрерменге жол тартады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Хабар» агенттігі басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің «Хабар» арнасы отандық сериалдарды түсіретін, осы өндіріске қолға алған еліміздегі негізгі арналардың бірі. Биыл жаңа маусымда отандық 7 телеxикаяның тұсауын кесуді жоспарлап отырмыз. Осы айда алдымен «Өгей жүрек» телеxикаясы көрерменге жол тартады. Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілген. Жетім балалар мәселесі осы телеxикаяда көрініс тапқан. Сондай-ақ қалыптасқан дәстүрге сәйкес, «Күләш», «Бауыржан» , «Құстар әні» фильмдерінің жалғасы ретінде еліміздің мықты тұлғаларына руxаният, түрлі сала қайраткерлеріне арналған биографиялық xикаялар түсіріліп жатыр. Бұл жолы көрерменге таланатты композитор, еліміздің әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың өміріне арналған фильм жол тартады. Ол xикаяны көрермендер Тәуелсіздік күні қарсаңында тамашалай алады», - дейді Ринат Кертаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер