BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Тақтар ойыны» телехикаясының жетінші кезеңі шығатын күн белгілі болды

«Тақтар ойыны» фантастикалық дастаны жетінші кезеңінің премьерасы осы жылдың 16 шілдесінде жарыққа шығады. Бұл туралы туындының Twitter-дегі жеке парақшасында хабарланған, деп жазады Baq.kz.

7 наурызда желіге сериалдың түсірілім жұмыстары барысынан алынған қысқа клиптер тарай бастады. Роликтердің бірінде жауынгер қыз Бриенна Тарттың қылышы көрсетілсе, келесі видеода сериалдағы актриса Лина Хидиге грим салу барысы түсірілген.

«Тақтар ойынының» жетінші кезеңі шілдеде жарыққа шығатыны туралы сүйінші жаңалықпен ең алғаш болып 1 наурызда Давос Сивортты сомдаушы ирландық актер Лиам Каннингем бөліскен еді. Бірақ бірінші сериасы дәл қай күні шығатынын айтпады.

«Жаман жаңалық, тек жеті эпизод шығады, қорытынды кезеңнің түсірілім жұмыстары қыркүйекте басталады», - деп қосты актер.

Тақтар ойыны (ағылш. Game of Thrones) — жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал. Сериал Дэвид Бениофф және Д.Б. Уайсстың басшылығымен HBO телеарнасы үшін түсіріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер