BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шоқыр Бөлтекұлы туралы деректі филімге боксшы Жанқош Тұраров түспек

Фото: alashainasy.kz

Қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы биыл 29 қазанда 100 жасқа келеді. Осыған орай, оның туған өңірі Ақтау қаласында бокстан халықаралық турнир өтеді. Және аталған тұлғаның құрметіне деректі фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы осы фильмнің авторы Серік Ноянбайұлы айтты деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Шоқыр Бөлтекұлына арналған деректі фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында жүргізілмек. Және, аталған фильмдегі эпизодтық кадрларға танымал боксшы Жанқош Тұраров түспек екен.

«Бүкәл әлем қазақ боксының құдіретін біледі. Ірі додадаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген боксшыларымыз жетерлік. Ал оларға даңғыл жолды салып берген кім? Әрине, Шоқыр атамыз. Біздің мақсатымыз осы нәрсені аталған деректі фильмде көрсету»,-дейді фильм авторы.

Шоқыр Бөлтекұлына арналған фильм 29 қазанда жарыққа шықпақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер