BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Республикалық арналарда өзге елдің өнімдерін сатып алу көлемі азайып келеді – министр

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін «Қазмедиа» орталығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерге отандық сериалдар жайлы арнайы баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында Дәурен Абаев ақпарат саласындағы мемлекеттік тапсырыстың маңыздылығын түсіндірді.

«Бүгінде мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты сынайтындар аз емес. Аталған тәжірибеден бас тарту қажет дейді. Дәл қазір олай істеуге болмайды. Мемлекеттік субсидиялаудан толығымен бас тартсақ, қазақстандық медиа кеңістіктің дамуын тежейміз. Неге? Себебі мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында жаңа жобаларға қолдау жасалады, отандық продакшн-индустриясына қаржы құйылады. Соның арқасында медиа нарық дамып жатыр», - деді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша бұдан былай мемлекеттік субцидиялау негізінде шет елден алынатын сериалдар саны азаюы мүмкін.

«Мен білемін, кейбіреулер мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты тоқтату қажет деп санайды. Олай істесек, шетелдік контенттің үлесі артады. Қазір барлық республикалық арналарда өзге елдің өнімдерін сатып алу көлемі қысқарып жатыр. Соның орнына өзіміздің сериалдарымыз, деректі фильмдеріміз бен ток-шоуларымыз келді. Үшіншіден, жекеменшік арналарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс қаржысын қазақ тілді бағдарламалардың санын арттыруға бағытталады. Мемлекеттік тілді біз осы арқылы да қолдаймыз. Төртіншіден, мемлекеттік субсидиялау «Балапан», «Қазспорт» пен «Еларна» сияқты коммерциялық жағынан тиімсіз жобаларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бесіншіден, мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында біз цифрлық теxнологияларды дамытып, телеарналарды xалыққа тегін таратып жатырмыз», - деді Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, осы жиын барысында министр өткен жылы елімізде 40 сериал түсірілгенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер