BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Памела Андерсон жаңа келбетімен жұртты «шошытты»

Танымал Голливуд жұлдызы, киноактриса Памела Андерсон келбетін адам танымастай өзгертіп, жұрттың сөзіне қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Канн фестивалінде қызыл кілемге шыққан киножұлдызды жұрт бірден тани қоймады. Пластикалық операцияны аямай жасатқан 49 жастағы актриса бұл жолы мүлде өз-өзіне ұқсамай қалған.

«Комсомольская правда» басылымы жазғандай, «Малибу құтқарушысы» баспасөз алдына адам танымастай өзгеріп шыққан: бет пішіні өзінікі емес, қастары тым жоғары шығып кеткен, ал беттерінің томпиып тұрғаны пластикалық операцияның ізі болуы мүмкін дейді журналистер.

Кейбіреулер жаңа нұсқадағы «Малибу құтқарушыларын» жарнамалау үшін, актриса мұндай қадамға әдейі барып отыр деп топшылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер