BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскемендегі жолды Арнольд Шварценеггердің арғы атасы салуы мүмкін

Әйгілі «Терминатордың» арғы атасы Өскемендегі жолдың құрылысына қатысқан болуы мүмкін, деп жазады Baq.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. «Австриялық әскери тұтқындардың ізімен» фильмін ұсынған австриялық тарихшылар осындай тұжырым жасап отыр.

Жоба авторлары 1914 жылғы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Қазақстанда теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте орналасқан тау жолын салған әскери тұтқындар жайлы«аса құпия» оқиғағаларды таспалауға тырысқан. Германияның жолкөрсеткішіндегі «Австриялық жол – жүйкесі жұқа адамдарға арналмаған» деген сөйлем Вена тарих институтының докторанты Лана Берндлдың қызығушылығын тудырды. Мәлімет жинау тарихшыны Шығыс Қазақстанға әкелді.

Әңгіме Қатон-Қарағай мен Марқакөл арасын жалғайтын жол жайында болмақ. Аталған жол екі аудан арасындағы қашықтықты 500 ден 90 шақырымға дейін қысқартып, Ресейден Қазақстан арқылы Қытайға қысқа жол ашты. Таудағы жолды расында австриялық әскери тұтқындар салған. Олардың қанша адам болғандығы жайлы ақпарат жоқ. Жергілікті австриялық қорымнан тарихшылар 30 адамның қабірін тапқан. Енді қанша австриялық Қазақстанда қалып, отбасын құрды, ал қаншасы еліне оралғандығын анықтау қажет.

Кейбір деректер жолдың жобасын әскери тұтқын – австриялық инженер жасағанын растайды. Ол бұған дейін Альпі тауларында да осындай жолдың жобасын жасаған. Ал енді кейбір деректерге қарағанда Арнольд Шварценеггердің арғы атасы бірінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп, осы жолдың салынуына қатысқан.

«Бұл жайында ешкімнің ештеңе білмейтіндігі мені қатты қызықтырды. Осында өмір сүріп, осы жолды салған адамдар жайлы зерттегім келеді, себебі олар жайлы ешкім ештеңе білмейді. Тіпті жергілікті тұрғындар да қызығушылық танытып жатыр. 250 адам отырған залға кіріп, осы жол жайлы кім білетіндігін сұрасаңыз 3 адам ғана қолын көтереді. Бұл тақырып біздің тарихымыз болғандықтан маған өте қызықты», - дейді осы тақырыпты зерттеуге кіріскен Венаның тарих институтының докторанты Лана Берндл.

Еске сала кетейік, «Австриялық әскери тұтқындардың ізімен» фильмі қазан айында Австрия, Германия, Швейцария мен Грецияда көрсетіледі.

Әзірлеген Жібек МҰҚАШЕВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер