BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар туралы фильм көрсетіледі

“Мұхаммед: Алланың елшісі” («Мұхаммад Расулаллах») деп аталатын иран режиссері Маджид Маджидидің фильмі Душанбеде көрсетіледі. Бұл жөнінде Тәжікстанның Кинематографистер одағының төрағасы Сафар Хакдодов хабарлады.

Оның сөзінше, фильм әзірге тек мәдени өкілдердің шағын ортасында көрсетіледі.

«Фильмді кинотеатрлардан көрсету үшін оны автордан сатып алуымыз керек. Бірақ «Тәжіккинода» ондай қаражат жоқ. Оның үстіне бұл киноның бюджеті өте жоғары», — дейді Сафар Хакдодов.

Маджид Маджиди тәжік әріптестеріне құрмет білдіріп, фильмді екі күн ғана көрсету үшін Душанбеге жіберген.

Фильмде VI-ғасырдағы оқиға көрсетіледі. Картина — пайғамбардың балалық шағы туралы. Фильмді түсіру жұмыстары 2007 жылы басталған.

“Мұхаммед: Алланың елшісі” фильмінің түсіру жұмыстарына голливудтық мамандар, атап айтқанда Оскар жүлдесінің иегері, италияндық оператор Витторио Стораро мен композитор Алла-Раха Рахман қатысқан.

Дерек көзі: 365info.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер