BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхамедиұлы Джон Малковичтi арнайы сыйлықпен марапаттады

Фото: Абзал Қалиев

Бүгiн XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалiнi жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Голливудтың танымал актер, продюсер әрі кинорежиссері Джон Малковичтi арнайы сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал актер, «Оскар» жүлдесінің екі дүркін номинанты Джон Малковичтi «Еуразия» кинофестивалi бекiткен «Әлемдiк кинематографияға қосқан үлесi үшiн» сыйлығымен марапаттады.


Атап өтсек, бүгiн елордада 6 күнге жалғасқан XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалi өз мәресiне жеттi. Барлығы 296 фильм көрсетiлген фестивальдiң жабылу салтанатында жеңiмпаздар анықталып, марапатталды. Конкурстың Бас жүлдесіне қазақстандық «Оралман» фильмi ие болды. Кинофестивальдiң негiзгi конкурстық бағдарламасына 13 толық метражды және 30 қысқа метражды фильм қатысты.

ФОТО: Абзал ҚАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер