BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Құнанбай» фильмі «Күміс Ақбозат» фестиваліне қатысады

Фото: кадр

Абайдың әкесінің өмірі жайлы баяндайтын «Құнанбай» тарихи фильмі «Күміс Ақбозат» ІІІ халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінің негізгі бағдарламасына енді. Фестиваль қазанның 26-28 аралығында Уфа қаласында өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Күміс Ақбозат» фестивалі әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіретін кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелмен мәдени қатынасты дамыту үшін ойластырылған.

Фестивальге қатысу үшін жалпы 254 өтінім түскен. Шараның конкурстық бағдарламасына Ресей, Моңғолия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Египет, Украина, Армения, Ауғанстан сияқты елдерден 24 картина іріктеп алынды.

«Құнанабай» картинасы прокатқа 2015 жылы шыққан болатын. 2016 жылдың қыркүйегінде Липецк қаласында өткен XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фетивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетілді. Сонымен бірге, 30 қыркүйек күні алғашқы ұлттық «Тұлпар» кино сыйлығын ұсыну кезінде Досхан Жолжақсынов үздік ер адам рөлі жүлдесін, Төлеген Мұхамеджанов үздік композитор жүлдесін, ал Рустам Одинаев «Көркемдік қоюшының үздік жұмысы» жүлдесін иеленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер