BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Красный уровень» сериалының ресми тұсаукесері өтті

Фото: Nur.kz

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен елімізде алғаш рет қауіпісіздік қызметкерлерінің күнделікті өмірі жайлы сериал түсірілді. «Красный уровень» деп аталатын телехикая 8 бөлімнен тұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елімізге төнген қауіпті барынша шынайы көрсететін туынды Астана мен Алматы қалаларында және Алматы облысында түсірілді. Содырлармен күн сайынғы күресті қамтитын сериалда бас кейіпкер – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі Ернар Есенгелдиев. Оны белгілі актер Берік Айтжанов сомдайды.

Берік Айтжанов өзі сомдаған кейіпкер қарапайым көпшіліктің бірі болғанымен, қызметі басын қауіп-қатерге тігумен байланысты екенін айтады.

«Менің кейіпкерім қарапайым көпшіліктің бірі. Күнделікті тұрмыстық және отбасылық мәселелермен басы қатып жүреді. Бірақ қызметі оны әртүрлі қауіптің алын алуға, шұғыл шешім қабылауға және басын қатерге тігуге міндетейді», - дейді ол.

Бұл кинокартинада ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен лаңкестік ұйымдар арасындағы тартыс шынайы көрсетіледі. Осы мақсатта түсірілім барысында актерлермен арнайы кеңесшілер жұмыс жасаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер