BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайда «Кім кінәлі?» фильмі түсіріліп жатыр

Фото: kstnews.kz

Қостанайда «Кім кінәлі?» атты драмалық фильмнің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Кstnews сайтына сілтеме жасап.

Сценарий авторы – театр және кино актері Әлімхан Мырзахан. Ал, фильмнің режиссері – Есбол Жатқанов. Фильмнің түсірілімі 5 наурызда басталған. Түсірілім Қостанайда, Рудныйда және Федоровск ауданында өтеді.

«Кім кінәлі?» атты фильм Қостанай облысы тұрғындарының күшімен түсіріледі. Ақпан айының соңында команда Қостанайда кастинг өткізіп, жергілікті актерлерді таңдап алған. Кастингке келген 6-75 жас аралығындағы жүздеген үміткер арасынан отыз адам іріктеліп алынған. Фильмнің басты кейіпкері 75 жаста. Түсірілім тобы фильмнің барлық қыр-сырын ашып айтқан жоқ, бірақ киноның қарттар үйі туралы болатыны белгілі. Драмалық фильм екі тілде түсіріледі. Фильмнің басым бөлігі қазақ тілінде түсіріліп, кейбір диалогтар ғана орыс тіліне аударылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер