BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аңыз адам Джеки Чан бүгін Астанаға келді

Бүгін түнде әйгілі киноактер, продюсер, көрермендерінің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Baq.kz.

Астана әкімі Әсет Исекешев пен «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин Джеки Чанды Астана әуежайынан күтіп алды.

Елорда әкімі өзінің Facebook-тегі парақшасында да Джеки Чанның келгенін жазды.

"Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы басталды. Джеки Чан Астанада. Ерлан Қарин respect!", - деді ол.

Сондай-ақ, бүгін Джеки Чанның қатысуымен Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты болады.

Шара «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

Айта кету керек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Джеки Чан "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанаға келетіні хабарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер