BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Келін де адам баласы» комедиясы 23 ақпаннан бастап прокатқа шығады

Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Келін де адам баласы» ("Келинка тоже человек") фильмі 23 ақпаннан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, отандық комедияның бас продюсерлері - Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова.

Әсел Сәдуақасованың айтуынша, былтыр осы фильмді түсіру туралы идея келген.

«Біз Асқармен жазда дәмханалардың бірінде отырғанбыз. Содан маған келін мен ене туралы идеяның ұнайтынын айттым. Ол болса сценарийдің дайын екенін және оны оқып шыға алатынымды айтты. Сценарий маған қатты ұнады, содан мен Асқарды осы жобаны бірге жүзеге асыруға көндіре бастадым», - деді Әсел Сәдуақасова.


Әсел Сәдуақасова, Данагүл Темірсұлтанова және Данияр Алшынов.

Айта кетейік, картинаның сценарийімен Асқар Ұзабаев, Сәбит Рахымбаев, Ауэз Ауэзов және Азамат Каунев айналысқан. Сондай-ақ, басты рөлдерде Данагүл Темірсұлтанова, Данияр Алшынов пен Әбунасыр Серіков және Instagram жұлдызы Әмина Малғаждар бар.

«Меніңше, отбасы құндылықтары жайлы кино түсіру әрдайым өзекті болып қала бермек. Біздің кинода келін мен ененің қарым-қатынасы жайлы көрсетіледі. Біз фильмді сатиралық жанрда түсіргіміз келді. Негізі, бұл тақырып әрқашан өзекті болады. Бірақ "келін" тақырыбын біз осымен жауып қоямыз. Себебі онсыз да келіндер жайлы отандық фильмдер көп қой. Енді біз "жезделер" туралы фильм түсіргіміз келеді», - деп күлді режиссер Ұзабаев.


Амина Малғажар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер