BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Кейкі мергенді» түсіру кезінде костюмге кезекке тұрдық – Қарин

Астана, BAQ.KZ. Астанада өткен баспасөз мәсілихатында «Qazaqstan» РТРК төрағасы Ерлан Қарин «Кейкі мерген» сериалын түсіру барысында кездескен кейбір кедергілерді айтты.

«Сериал түсіруде белгіленген қаржылық меже бар. Өкінішке қарай, біз ол межеден асып кете алмаймыз. Дегенмен сериалдың қаржылық шығыны 110 млн теңге көлемінде болды» - дейді ол.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин сериалды жасау барысында бірқатар кедергілер болғанын айтты.

«Бұл бір жағынан бізге тиімді де болды. Себебі «Кейкі мергенді» түсіріп жатқан кезде елімізде басқа да бірнеше тарихи сериалдардың түсірілімі жүргенін білесіздер. Мысалы, «Қазақ елі», «Томирис» сериалдары бізбен қатар түсірілді. Осы кезде түсірілім алаңына, декорациялық алаңдарда, тіпті тарихи костюмдерді жалға алуға кезекке тұрып қалған кездеріміз болды. Екінші жағынан кастюм, декорация жасау жағынан бізге жеңілірек болды» - дейді корпорация басшысы.

Мұнан бөлек, «Кейкі мерген» фильмінде өткен жылы «Qazaqstan» арнасы түсірген «Тар заман» телехикаясында ойнаған актерлер өнер көрсетеді.

«Тар заман» да, «Кейкі мерген» де бір дәуірде, бір кезеңде болған оқиғаларды сипаттайды. Сондықтан біз кейбір кейіпкерлерді екі фильмде де ойнаттық. Мысалы өткен жылы «Тар заманда» Міржақып Дулатовтың рөлін сомдаған актер, биыл «Кейкі мергенде» де Міржақыпты ойнайды. Бұл кейіпкерлердің сенімді шығуына әсер етеді» - дейді Ерлан Қарин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Кейкі мерген» фильмінің Тәуелсіздік күні қарсаңында эфирге шығатынын айтқан болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер