BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Кейкі мерген» телехикаясы желтоқсан айында көрерменге ұсынылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда телехикаяның саундтрегімен арнайы таныстыратын боламыз. Тарихи телехикаяны осы жылдың желтоқсан айына, яғни Тәуелсіздік күніне орай жоспарлап отырмыз. Бұл туралы «Қазақстан» ТРК Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Facebook-гі парақшасында жазды.

«Биыл жаңа маусым аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен түсірілген корпорациямыздың ең үлкен жобаларының бірі, 16 бөлімді «Кейкі мерген» атты тарихи драмалық телехикаяның негізгі түсірілім жұмыстары аяқталып, қазір монтаж жұмыстары жалғасуда. Тарихи туындының режиссері Мұрат Бидосов, кеңесшілері – тарихшы Берік Әбдіғали мен Кейкі батыр туралы зерттеулердің авторы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин», -деп жазды ол.

Басқарма төрағасы сонымен қатар, Кейкі мергеннің образын театр және кино актері Дархан Сүлейменов сомдағанын және Айдар Аманбай, Кенен Ақүрпеков, Жанерке Дүйсенбиева, Досжан Жанботаев, Бауыржан Қаптағаев, Виталий Куприянов және тағы да басқа актерлар осы жобаға қатысып, өз өнерлерін көрсеткенін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер