BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық «Жол» және «Воля к победе» фильмдері халықаралық кинофестивальге қатысады

«Қазақфильм» киностудиясында өндірілген «Жол» және «Воля к победе» атты фильмдер 2017 жылдың 13-20 сәуір аралығында өтетін «Красногорский» атты 15-ші халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысады, деп хабарлайды Baq.kz.

Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Жол» спорттық драмасы Қазақстандағы ең әйгілі спорт түрі – бокс туралы баяндайды. Картина ережесіз жекпе-жекке қатысатын жас жігіт туралы.

Режиссер Тоқтар Қарсақбаевтың «Воля к победе» атты деректі фильмі классиқалық әдіспен күресетін, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-ның бірінші олимпиада чемпионы – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Фильмде совет спортының хроникасы қолданылған.

2003-ші жылы құрылған «Красногорский» халықаралық фестиваль - Шығыс Еуропадағы және ТМД елдеріндегі ірі спорттық кинобайқау. Кинофестиваль президенті – әлемнің үш дүркін олимпиада чемпионы, әлемнің он дүркін чемпионы, он бір рет Еуропа чемпионы – Ирина Роднина.

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, фестивальдың мақсаты – спорттық кинотуындыларды тегін көрсету апталарын ұйымдастыру арқылы, отандық және әлемдік кинематография мәдениетінің құндылықтарына барлық әлеуметтік топтардың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету; соңғы үш жылда шығарылған үздік спорттық отандық және шетелдік фильмдерді аныктау және оларды марапаттау; сондай-ақ кино мэтрлары мен жас авторлар үшін толыққанды тәжіребе алмасу мүмкіндігін құру.

Биылғы жылы фестиваль бағдарламасына рекордтық өтінімдер – 100-ге жуық спорт туралы кинотуындылар түсті. Фестивальге қатысу үшін таңдап алынған 70-ке жуық көркем және деректі кинофильмдерді қатысушы 15 ел ұсынған. Олардың арасында Ресей, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Молдова бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер