BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл қазақстандық кинолар 11 халықаралық жүлдені жеңіп алды

Астана, BAQ.KZ. 2018 жыл Қазақстанның киноиндустриясы үшін жемісті жыл болды. Бүгін ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыс тобының Ұлттық отырысында отандық кинокартиналардың жетістігі туралы осылай айтты.

«Театр мен кино әрдайым қазақстандық мәдениеттің маңызды аспектілері болып табылады. Сондықтан түрлі форматтағы шаралар кешенін ұйымдастырдық. Олардың ішінде қазақстандық опера және балет труппаларының белсенді гастрольдік қызметі де бар. «Astana opera», Абай атындағы опера және балет театры, «Астана балет» және басқа да ұжымдар Еуропа мен Азия елдерінің көрермендерін ұлттық опера қойылымдарымен таныстырып жүр», - деді бөлім меңгерушісі.

Айтуынша, 2018 жылы Қазақстан халықаралық аренадағы түрлі кинофестивальге белсене қатысты.

«Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 71-ші Канн кинофестивалінде Қазақстан павильоны ашылды. Онда «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің таныстырылымы өтті, сондай-ақ бірқатар қазақстандық фильмдердің трейлерлері көрсетілді. Жыл басынан бері «Қазақфильм» АҚ 18 фильмі 14 халықаралық кинофестивальге қатысып, 11 жүлде жеңіп алды», - дейді Аида Балаева.

Ол «Анаға апарар жол» фильмінің Нью-Йорктегі WeLink Халықаралық кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» жүлдесін иеленгенін де еске салды. Мәдениет министрлігінің тапсырысымен және меценаттардың қолдауымен түсірілген «Әміре» фильмі Silver screen film (Сильвер скрин фильм) марапатын алған.

Бұл туынды Голливудтағы кинофестивальдің ақтық сынына шыққан.

«Қазақстандық кино күндері де жақсы нәтиже беруде. Биыл қазақстандық кино күндері Италияда, Эстонияда және өзге де елдерде ұйымдастырылды», - деді Балаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер