BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда қытай киносы күндері өтіп жатыр

Қытай киносы фестивалі және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндері аясында «Қазақфильм» киностудиясына ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен бастаған бір топ қытай кинематографистері келді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қытай кинематографистерін «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңес тең төрағасы Бекболат Шекеров және қазақ киносының мэтрлері Асанәлі Әшімов, Сатыбалды Нарымбетов және де қазақстандық кинематографистері қарсы алды. Қытайдан келген қонақтарға киностудия аумағында экскурсия жасалды, оларға «Қазақ хандығы» сериалының декорациясы, түсірілім алаңдары, костюм қоймасы, таспа-зертханалық кешені көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға қазір өндірісте жүріп жатқан «Мұзбалақ» толық метражды анимациялық фильмінің трейлері көрсетілді. Экскурсия соңынан дөңгелек үстелде бірлесіп жұмыс жасау туралы мәселелері талқыланды.

««Қазақфильм» киностудиясына келгендеріңізге қуаныштымыз. Өзіңіз білетіндей, 9 маусым күні Қытай баспасөз, кино, радио және телекөрсетілім мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілік пен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі арасында кино өндіріс саласы бойынша Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат бойынша біздің мемлекеттердің киноматографистері бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік алады. «Қазақфильм» киностудиясында «Композитор» атты Қазақстан-Қытай бірлескен жобасын іске қосылғанын атап айтқым келеді. Бұл жоба екі ел киноматографистері арасындағы алтын көпір болады деп үміттенемін», – деді «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңесінің тең төрағасы Бекболат Шекеров.

Өз кезегінде, ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен, қазақстандық кинематографистері жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді.

«Бізге тарихы мол киностудияны көруге мүмкіндік бергендеріңізге алғыс білдіреміз. Және біз бірлескен жобалар туралы сіздердің ұсыныстарыңызды қарастыруға дайын екенімізді атап өткім келеді», - деді ол.

Киностудияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, дөңгелек үстел барысында әріптестер Қазақстан мен Қытай кинематографиясындағы мәселелер мен жетістіктер туралы пікір алмасты. Кинодраматург Нұрлан Санжар қытайлық әріптестеріне Жібек жолы туралы жоба жасауға ұсыныс тастады. Осы мезетте ұлты қазақ қытайлық актер Данияр Толқын «Қазақфильмнің» «Тұмар» кинокартинасының кастингіне қатысып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында Қытай кино фестивалі аясында «Kinopark 11 IMAX 3D» кинотеатрында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндерінің салтанатты ашылуы болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер