BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақфильм» Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жариялайды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Жеңімпаз» атты толықметрлі көркем фильмнің өндірісін бастағалы отыр. Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі туралы баяндайды. Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге актерлер кастингін жариялайды.

Жүзе білетін, атқа міне алатын 5-7 жас аралығындағы ұл балалар, 9-15 жас аралығындағы қыз балалар, 15-29 жас аралығындағы күресе білетін арықтау келген жас спортшылар, 30-60 жас аралығындағы күресе білетін спортшы ер адамдар, 18-22 жас аралығындағы студент қыздар мен 20 60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер кастингке қатыса алады. Сондай-ақ, кастинге қазақ тілін меңгерген барлық ұлт өкілдері қатыса алады.

Бақ сынап көргісі келетіндер өздері туралы аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары жазылған анкеталық ақпаратты толтырып, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль), mergen_kasting_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері қажет. Түсірілім тобының талаптарына сәйкес келген үміткермен кастинг-директор өзі хабарласып, актерлік сынаққа шақырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер