BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақфильм» киностудиясы «Шыңырау» фильмін түсіруді бастады

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша толықметражды көркем фильмнің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілуде. Фильмнің сценарий авторы және режиссері – Жаңабек Жетіруов.

Түсірілімнің барлығы дерлік Маңғыстау облысында өтеді. Фильмде Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Түсірілімдер үшін Форт-Шевченко қаласына жақын жердегі Қанға ауылында декорациялар тұрғызылып, елді-мекен фактураланды.

Басты рөлдерге Асылхан Төлепов пен Алдабек Шалбаев бекітілген. Сондай-ақ, фильмге Мұхамеджан Мырзакиев, Дәулет Әбіш, Қанатбек Құрымбаев, Мақсат Сәбитов, Азамат Шарғын, Зухра Сайпи және басқалар түседі.

«Көптеген отандық кинематографистер ұлы Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша фильм түсіруді және экрандауды армандады. Алайда әлі күнге дейін повес экран тілінде сөйлеген емес. Мен бұл тақырыпта фильм түсірем деп жүргелі көп болды. Сценарийді төрт жыл бұрын жазып, түзетулерді күні бүгінге дейін енгізіп отырдым. Қазір менің бар қалауым – Әбіш Кекілбаевтың повесі деңгейіндегі фильм түсіру. Біз локация мен натура таңдау бойынша көп жұмыс атқардық. Барлық актерді бекіттік. Бір-екі күнде Маңғыстау облысына түсірілімдерді бастауға жолға шығамыз», - деген еді режиссер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Эксперттік кеңесінің отырысында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер