BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

19 наурыздан бастап отандық телеарнадан «Қазақ хандығы» телехикаясы көрсетіледі

Наурыз мерекесіне орай 19 наурызда «31» телеарнада «Қазақ хандығы» телехикаясы басталады. Тарихи хикая ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Centaurus Rustem Abdrashev production» ЖШС-нің қатысуымен түсірілген, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл ауқымды тарихи жобаның авторы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша жазылған. Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашев.

«Хикаяның кино нұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі кейбір отандастарымыздың тарихқа деген қызығушылығын оятты. «Қазақ хандығы» сериалында фильмге кірмей қалған тартымды эпизодтар мен қызықты оқиғалар өте көп, сондықтан да бұл хикая көрермендердің көңілінен шығатынына күмәнім жоқ», - дейді режиссер Рүстем Әбдірашев.

«Қазақ хандығы» тарихи хикаясының бірінші бөлімін осы жексенбіде, наурыздың 19 күні сағат 22:00-де «31 арнадан» тамашалауға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер