BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жарияланды

Фото: tengrinews.kz

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Сериалдың режиссері – Рүстем Әбдірашов («Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Темір тау», «Тығырықтан жол тапқан», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш»).

Кастинг талаптары:

3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар

18 бен 80 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар

Ұлты: барлық ұлт өкілдері қатыса алады

Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз.

Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін төмендегі мекен жай бойынша жүреді.

Әл-Фараби даңғылы, 176, «Қазақфильм» киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер