BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай «Қазақфильм» байқау жариялайды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Жас өркен» серіктестігіне кіретін «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары бірлесе отырып, қазақ анимациясының 50 жылдығына орай жас суретшілер арасында «Менің сүйікті мультфильмім» атты шығармашылық байқауын өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Үстіміздегі жыл қазақ анимациясы үшін айтулы жыл. Осыдан 50 жыл бұрын, 1967 жылдың күзінде қазақ анимациясының алғашқы мультфильмі – «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» көрерменге ұсынылған болатын. Біз қазақ анимациясының негізін қалаушылардың қалдырған мұрасына құрметпен қараймыз. Бүгінде «Қазақфильм» заманауи технологияларды қолдана отырып, толықметражды анимациялық фильмдерді өндіруде. Олардың бірқатары халықаралық фестивальдерден жүлделі орындарды иеленіп отыр. Бұл байқауды қазақ анимациясын еліміздің балалары арасында насихаттау мақсатында жасап отырмыз», - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков.

Байқау «Мен жақсы көретін қазақ мультфильмі» және «Менің қиялымдағы кейіпкер» атты екі номинациядан тұрады. Бірінші номинацияда қатысушылар қазақ анимациялық мультфильмдерінің желісінде салынған суреттерін немесе комикстерін жібере алады. Екінші номинация бойынша қатысушылардың өз қиялынан туған, ертегі, аңыз-әңгіме мен мифтік кейіпкерлері бейнелеген шығармашылық жұмыстары қабылданады. Барлық суреттерді салуда жанр бойынша еркіндік беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер