BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Кариб теңіз қарақшылары» 5-бөлімінің трейлері шықты

Disney компаниясы жексенбі, 2 қазанда, «Кариб теңіз қарақшылары» фильмдер желісінің кезекті бөлімінің тизер-трейлерін жариялады. Жаңа бөлімнің атауы «Кариб теңіз қарақшылары: өлген адам ертегі айтпайды» деп аталады және көрсетілімі 2017 жылдың 26 мамырына жоспарланған, деп хабарлайды Baq.kz.

Сюжет желісі бойынша, капитан Джек Воробейдің ескі жауы Салазар өзінің елес қарақшыларымен соңына түседі. Қаскөйлер әлемнің барлық теңіз қарақшыларын қырып тастауды мақсат тұтқан екен. Осындай жаулардан Джекті тек әлемнің барша теңізін бақылауда ұстайтын қасиеті бар Посейдонның қылышы ғана құтқара алады.

Бұл бөлімде де басты рөлді Джонни Депп ойнайды. Ал оның қарсыласын Хавьер Бардем сомдайды. Сондай-ақ актерлер тізімін Пол Маккартни, Кая Скоделарио, Кристоф Вальц, Брэнтон Туэйтс толықтырмақ, тіпті, Оранда Блум да оралуы мүмкін деген болжам бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер