BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда алғаш рет поляк кино фестивалі өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ.Қарағандыда алғаш рет «Висла» поляк кино фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар ірі халықаралық фестивальдерде қазылар алқасымен атап өтілген және польша көрермендерінің жүрегін жаулаған 4 фильмді ұсынады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Фестиваль қарашаның 22-нен 25-не дейін жалғасады. Күн сайын қарағандылықтарға бір фильмнен көрсетіліп отырады. Бағдарламаға драма, анимация, және тарихи кино секілді түрлі фильм жанрлары енгізілген.

Көрермендер режиссер Мацей Пешицаның «Желание жить» фильмін тамашалайды. Ондағы бас кейіпкер Матеуш балалар сал ауруына шалдыққан. Ол не сөйлей, не жүре алмайды. Дәрігерлер оны «үмітсіз» деп тапқан. Туған әпкесі оны «мақұлық» деп атаған. Алайда осының барлығына қарамастан, бала өмір қызықты сәттер мен жарқын әсерлерге толы екеніне кәіл сенеді, жәнеде болашаққа сеніммен қарайды. Картина бір дегенде төрт номинация бойынша «Орлы» атты поляк киносыйлығын алған: «Үздік ер адам рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», «Үздік сценарий» және көрермендер көзайымы сыйлығы.

Фестиваль бағдарламасына сондай-ақ Лукаш Пальковскийдің «Лучше всех» фильмі де кірді. Лента поляк спортшысы Ежи Гурскийдің басынан кешкенін баяндайтын шынайы оқиғаға негізделген. Есірткіге тәуелділікпен күресе отырып, ол өліммен күрес жүргізген. 1994 жылы Ежи Гурский триатлон бойынша әлем чемпионатында әлемдік рекорт орнатып, 24 с.:47 мин.:46 сек уақыт көрсеткішімен Double Ironman чемпионы атанды.

Көрермендер назарына сонымен қатар «Ван Гог. С любовью, Винсент» анимациялық фильмі ұсынылады. Оның әрбір 65 000 кадры Ван Гог жұмыс істеген техника бойынша майлы бояулармен салынған. Ол кадрларды әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған 125 суретші салған. Бұған қоса кинолентада импрессионистің 100 астам тындыларына «жан берген».

Фестивальдің ресми ашылуы 23 қарашада, 18.00 «Сарыжайлау» кинотеатрында өтеді. Салтанатты шарадан соң, 18.15 режиссер Ян Комастың «Город 44» фильмі көрсетіледі.

24 қараша 18.00 көрермендерді «Желание жить» фильмінің көрсетіліміне шақырады.

25 қараша 18.00 қарағандылықтарға «Ван Гог. В с любовью, Винсент» картинасы ұсынылады.

26 қараша 18.00 «Самый лучший» фильмінің көрсетілімі болады.

Фильмдердің көрсетіліміне кіру тегін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер