BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Канн фестивалінде селфи жасауға тыйым салынды 

Биылғы 8-19 мамыры аралығында өтетін 71-ші халықаралық Канн фестивалінің ұйымдастырушылары фестивель ережесіне жаңадан енген екі өзгеріс туралы хабарлады. Соның бірі кинофестиваль кезінде селфи жасауға тыйым салынып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kinonews.ru порталына сілтеме жасап.

Халықаралық фестиваль ұйымдастырушылары енгізген жаңа ережеге сәйкес, біріншіден, «қызыл кілеммен» жүріп өту барысында жұлдыздарға селфи жасауға тыйым салынады. Екіншіден, ресми көрсетілімнен бұрын өтетін баспасөз құралдарына арналған фильмдердің арнайы көрсетілімі енді ұйымдастырылмайтын болды.

Басылым хабарлағандай, мұндай мәлімдемені журналға сұхбат беру барысында фестиваль президенті Тьерри Фремо жариялаған.

Айта кету керек, танымал адамдар бұған дейін әуестенген селфи жасау мәдениетсіздік болып саналғанымен, оларды жасауға ресми түрде тыйым салынбаған. Ал биылдан бастап фестиваль барысында "соткаңызға қарап ыржюға" болмайды.

Баспасөз құралдарына арналған көрсетілімдер, әдетте, премьера күні таңертен өтетін. Ендігі ретте, БАҚ өкілдері кинотуындыларды қонақтармен бірге, бірақ басқа жерден тамашалай алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер