BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Голливудтың тағы бір жарасымды жұбы айырылысты 

Көптеген адам үшін өнегелі отбасы мен мінсіз махаббаттың үлгісі болып келген голливудтық жұлдыздар жұбы - Чаннинг Татум мен Дженна Деван айырылысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kinonews порталына сілтеме жасап.

Твиттердегі ресми мәлімдемеге сәйкес, олар тоғыз жыл жұбайылық өмірден кейін ажырасатын болды.

«Біздің бір-бірімізді сүйетінімізде еш нәрсе өзгерген жоқ. Бірақ, махаббат деген ендігі ретте бізді бөлек жолдарға жетелейтін қызықты шытырман болып отыр. Біздің мұндай шешімге келуімізге ешқандай құпия, ешқандай әдепсіз әрекет себепші болып отырған жоқ. Жай ғана қарапайым екі дос бір-бірі үшін біршама кеңістікті босатып, мүмкіндігінше толыққанды әрі қуанышты өмір сүруге көмектесу туралы шешім қабылдады», - деп жазылған экс-жұбайлардың ресми мәлімдемесінде.

Татум мен Деван араларындағы қыздары Эверлиді бірлесіп тәрбиелеуге сөз берді және БАҚ өкілдерінен олардың жеке өмірлерін құрметтеуді өтінді.

Еске сала кетейік, қос актер «Алға қадам бас» фильмінің түсірілімі кезінде танысқан. Татум мен Деван аталған фильмде басты рөлдерді сомдайды. 2006 жылы басталған қарым-қатынас үш жылға созылып, 2009 жылы олар некелерін қиған. Жұлдызды жұптың қызы 2013 жылы дүниеге келген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер