BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ertis cinema» І халықаралық кинофестивалі мәресіне жетті

Фото: Автор

Конкурстық және конкурстық емес фильмдер жергілікті кинотеатрларда тегін көрсетілді. Үздік шығармалардың авторлары 16 аталым бойынша марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жастардың өнерін сарапқа салған қазылар алқасы қатарында жазушы, сценарист, Қазақстан киноматографистері Одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, Ресейдің халық әртісі Владимир Хотиненко, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Сламбек Тәуекел сияқты тұлғалар болды.

«Ертіс өңірінде алғаш рет өткен шараға қатысқан жастар арасындағы бәсекелестік жоғары деңгейде болды. Күтпеген жағдай. Ендігі мақсат – шараны жиі ұйымдастыру. Халықаралық байқау отандық және шетелдік киносаласында орнын ойып алу керек. Жас авторлардың өнеріне тәнті болдық. Қазақстандық режиссерлердің фильмдерін көріп, қазақ халқына жақын болдық», - дейді Владимир Хотиненко.

Айта кетейік, байқауда жеңіске жеткен режиссерлерге ерекше сый әзірленді. Көрермендердің қошеметімен қатар, жеңімпаздарға алюминийден жасалған мүсіншелер табысталады. Қанатты металл Ертіс өңірінде балқытылып, жергілікті мүсіншілердің қиялынан туғандықтан, жастар үшін жоғары маңызға ие.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік деректі фильм» және «Үздік ойын фильмі» аталымдары бойынша бас жүлдеге қазақстандық режиссерлер ие болды. Қазақ ұлттық өнер факультетінің студенті Шұғыла Сержанның «Самал» картинасы үздік деп танылды.

«Қысқаметражды фильмді былтыр түсірдім. Туынды туған ауылына оралған қыз бен оның анасырың арасындағы махаббатқа арналады. Павлодарға келіп, бақс ынағаныма қуаныштымын», - дейді Шұғыла Сержан.

Үш күнге созылған мәдени шара 21 мемлекеттен келген жас режиссерлердің басын қосып, тәжірибе алмасу мүмкіндігін берді. Қысқаметражды ойын және деректі фильмдер фестиваліне бас-аяғы 207 шығарма тапсырылған. Ал шараның қысқа тізіміне 68 шығарма ілікті.

Фото: Ақмаржан Әділбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер