BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ермек Тұрсынов Қазақстанның кинематографтар одағын басқарады

Қазақстанның кинематографтар одағының кезекті съезінде режиссер Ермек Тұрсынов ведомствоның төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

«Жиналыс жаңа бітті. Біз жаңа ғана келдік. 160-қа жуық адам дауыс берді», - деді Тұрсынов.

Режиссер жаңа орнындағы жоспарларымен бөліспеді.

«Әрине, жоспар бар. Бірақ оның барлығын айтқым келмей тұр. Жаңа ғана бітті. Алдымен отырып, ойланып, қарастыру керек», - деді ол.

Айта кетейік, Тұрсыновтан бөлек бұл лауазымға тағы екі адам - Ғали Мырзашев және Ахат Ыбраев үміткер болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер