BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еревандағы «Қазақфильм» апталығы «Шалмен» басталды

18 қыркүйекте еревандық «Мәскеу» кинотеатрында Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығының және Ереван қаласында Елшіліктің ашылуына 10-жылдығы шеңберінде «қазақстандық кино аптасын» ашу салтанаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ашу рәсіміне Арменияның Кинематографистер одағының төрағасы Рудольф Ватинян, Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев және «Шал» фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен қатар, аталған фильмді тамашалауға Арменияның министрліктері мен ведомстволардың, дипломатиялық корпус өкілдері, армян көркем өнерінің зиялы қауымының, студенттер мен Қазақстанның армян диаспорасының өкілдері келді.

Қатысушылар сөйлеген сөздерінде армян көрермендерді Қазақстанның заманауи кинематографиясымен таныстыруымен, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуындағы маңыздылығын атап өтті.

Арменияның кинематографистер одағының төрағасы аталған іс-шараны өткізу үшін қазақстандық достарға ризашылығын білдіріп, киноның халықтардың және мәдениеттеріміздің жанасуындағы мәнін баса айтты. Сонымен қатар, қазақстандық киноның дамуындағы сабақтастықты және мемлекет жақтан қолдауын ескертті.

«Аптаны» ашу күнінде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі көрсетілді. Көрермендер тек қана фильмді емес, фильмдегі басты рөлді сомдаушысы Е. Тоғызақовтың актерлік шеберлігін өте жылы қабылдап, көптеген қолтаңбалар алды.

Фильмді көрсету алдында армяндық көрерменге қазақстандық мәдениетінің Армениядағы және армян өнерінің Алматыдағы оң күндігіне арналған 1968 жылғы хроникалық сюжеттер ұсынылды. Шамамен 50 жыл бұрын дәл осы Ереван қаласындағы «Мәскеу» кинотеатрында Шәкен Айманов бастаған делегациясы қазақстандық фильмдерді армян көрермендерге паш еткен еді.

«Апта» кезеңінде «Қазақфильм» киностудиясының бірқатар фильмдері: «Подарок Сталину», «Балалық шағымның аспаны», «Көшпенді» және «Транссібір экспрессі» көрсетілетін болады. Елшілік киностудияға аталған іс-шараға қатысу және қолғабыс ету үшін алғасын білдіреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер