BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ең сұлу қыз» фильмі түсірілуде

«Қазақфильмде» «Ең сұлу қыз» атты көркем фильмнің түсірілім алдындағы жұмыстары басталды. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ең сұлу қыз» - режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы.

Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіреді.

«Фильм достарының ішінде отбасын құрмаған Самат есімді жігіт туралы. Бауыржан оған қалыңдық тауып, үйлендірмек болады. Екеуі қалыңдық іздеп үлкен қалаға келеді. Бұл сапарда олар түрлі оқиғаларға тап болады. Екеуі ойда-жоқта халықаралық қылмыскерлер деп танылып, полицейлер мен бандиттердің қуғынына ұшырайды», - дейді ұйымдастырушылар.

Қазіргі таңда түсірілім тобы дайындық кезеңінде. Олар реквизиттер дайындап, костюмдер мен локация таңдау үстінде. Сондай-ақ жуық арада түсірілім тобы қосалқы рөлдерге кастинг жариялайтын болады.

Фильмнің продюсері Айдархан Әділбаев дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

«Түсірілім тобы бірінші фильмде жұмыс істеген мамандардан құралған. Олар режиссерді жақсы түсінеді. Естеріңізде болар, «16 қызда» бірінші планда Берік Айтжанов айдаған волга ГАЗ-21 көлігі болатын, бұл жолы Мин дәуірінің антикварлық құмырасы болмақ. Бұл фильмде көрермендерді сапалы әзілдер мен қызықты оқиғалармен байытуға тырыстық», - дейді фильмнің продюсері Айдархан Әділбаев.

Бұл фильмге «16 қызда» ойнаған актерлер Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Ғани Құлжанов, Саят Мерекенов және Дәурен Айдарқұлов түседі. Сондай-ақ, жаңа кейіпкерлер қосылады. Оларды Қарлығаш Мұхаметжанова, Мұрат Бисенбин, Жанна Қуанышева, Фархат Абдрайымов, Асан Мәжит және Ерболат Тоғызақов ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек 2016 жылы «16 қыз» фильмі прокатта көшбасшылар қатарынан көрінген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер