BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Егер Алаш Республикасы жеңгенде". Алашорда туралы жаңа фильм

Фото: скриншот

Журналист Жанболат Мамай "Алашорда" автономиялық үкіметінің қайраткерлері туралы жаңа деректі фильмін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Егер Алаш Республикасы жеңгенде" деп аталатын фильм YouTube-те жарияланды.

Автор фильмде "Егер Алаш Республикасы, Алашорда үкіметі жеңгенде, қазір қандай мемлекетте өмір сүрер едік? Олар қандай ел құруды армандады?" деген сауалдарға жауап іздегенін айтады.

Фильмде Жанболат Мамай 20-ғасыр басындағы "Алашорда" автономиясының құрылуына, сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси жағдайға талдау жасап, егер сол кезде Алашорда үкіметі жеңіске жететін болса, қазіргі кезде біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатқан болар едік дегенге болжам жасайды.

Фильм "Тәуелсіздік үшін күрес", "Қазақстандық демократтар мен алғашқы тәуелсіздік", "Олар Қазақстаннан екінші Жапония жасамақ болды" және "Алаш Республикасы жеңгенде..." деп аталатын төрт бөлімнен тұрады.

Фильмде Мұстафа Шоқай, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай, тарихшы Мәмбет Қойгелді және басқа да зерттеушілердің еңбектерінен деректер келтірілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер